Топтаманың құрамындағы азық-түлік пен гигиеналық құралдар балалардың жасына қарай бекітіледі.
Айта кетерлігі, 2020 жылы облыста аз қамтылған отбасыларға арналған атаулы әлеуметтік көмек үшін - 23,1 млрд теңге, кепілдендірілген әлеуметтік топтамаға - 6,9 млрд теңге бөлінген.
Биылғы жылдың 1-ші тоқсанында 19,8 мың отбасына немесе 111,9 мың адамға 2,3 млрд теңге көлемінде АӘК тағайындалды. Сондай-ақ, 1 жастан 6 жасқа дейінгі жалпы саны 25 125 балаға 319,2 млн теңге көлемінде кепілдендірілген әлеуметтік топтама (КӘТ) берілген.
Оның ішінде, ай сайын 1 жас пен 3 жас аралығындағы - 10 074 сәбиге және 3 жас пен 6 жастағы - 15 051 балаға азық-түлік үлестірілсе, 1-6 жастағы - 24 919 балаға гигиеналық жиынтық берілген.