Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ҚР Үкіметі жанындағы ведомствоаралық комиссияның ақпаратына сәйкес, Түркістан облысының Сарыағаш қаласындағы «Кәусар хол» тойханасы шектеу шаралары енгізілгеннен бастап бірнеше рет той-жиындар өткізген. Солайша, Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің қаулыларын өрескел бұзған.
Сондай шаралардың бірі 28 қаңтар күні өткен. Мобильді мониторингілік топтар жүргізген жоспардан тыс тексеру барысында сағат 15:30 шамасында 300 адамға үйлену тойы өткізіліп жатқанын анықтаған.
«»Байгазиева« ЖК-ға қатысты ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 5 шiлдедегi «Санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру мен жүргізудің кейбір мәселелері туралы» № ҚР ДСМ-78/2020 бұйрығына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық іс қозғалып, 230 АЕК көлемінде айппұл салынды.
Қазіргі уақытта Сарыағаш қаласының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының қызметкерлері аталған тойхананың жұмысын тоқтату бойынша экономикалық сотқа талап арыз дайындауда», - делінген ақпаратта.