Шымкент қаласының жеке сот орындаушылары тарапынан Жедел басқару орталығына айыппұл құны 6,5 млн теңгеге жеткен көлікті анықтап беру туралы сұраныс түскен. Ал, тәртіп сақшылары сол күні-ақ бейнебақылау камералары арқылы іс-шаралар кешенін жүргізіп, күмәнді көлікті Түркістан қаласындағы көшелердің бірінен тоқтатты.
«Борышкердің автокөлігі айыптұраққа қойылды. Жалпы, жыл басынан бері полицейлер бейнебақылау камераларының көмегімен берешектері мен әкімшілік айыппұлдарын төлеуден жалтарған 20-дан астам автокөлік иесін анықтады» - дейді Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз хатшысы Гүлнар Әбдіжаппарова.