Департаменттің баспасөз қызметі хабарлауынша, оқиға кеше 7 маусым күні күндізгі сағат 16:48-дер шамасында болған.
«Түркістан қаласында 1-мөлтек аудандағы бес қабатты тұрғын үйдің 5-қабатындағы терезеден 2011 жылы туған қыз бала абайсызда құлап кетіп, қайтыс болған» делінген хабарламада.
Айта кетейік, дәл осындай қайғылы жағдай 6 маусым күні Шымкент қаласындағы Теріскей мөлтек ауданында да орын алған болатын. Онда бес қабатты үйдің үшінші қабатынан үш жасар бүлдіршін абайсызда құлап кетіп, қайтыс болды. Кейіннен белгілі болғандай, кішкентай қыз терезедегі торға сүйеніп тұрған кезде құлап кеткен.