ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістанда 74 жастағы әйел лифт шахтасына құлап кетіп, көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Мәлім болғандай, оқиға жаңа қала аумағында салынған үйлердің бірінде болған. Жөндеу жұмыстарына байланысты лифтінің кабинкасы бесінші қабатқа тоқтатылған. Ал бірінші қабаттағы лифтінің есігін ашқан 74 жастағы тұрғын төменге құлап кеткен.
«Жөндеу жұмыстарына байланысты есіктердің барлығы жабылған болатын. Ал зардап шегушінің есікті қалай ашып алғаны тексеріліп жатыр», - деді Түркістан қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Талғат Үсенбаев.
Қайрат Зайнишев
Шымкенттегі М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ түлегі. Еңбек жолын «Ақиқат-Истина» газетінде тілші болып бастады. Кейіннен «Шымкент келбеті», «Оңтүстік Қазақстан» газеті мен «Ernur.kz» сайтында тілші, «Кентау шұғыласы» газетінің бас редакторы қызметтерін атқарды. Республикалық «Экспресс К» сайтының Түркістан облысындағы тілшісі болды. 2021 жылдан бастап «Kazinform» агенттігінің Түркістан облысындағы тілшісі қызметін атқаруда.