Облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Тоқтар Үсіпәлиевтің сөзінше, «Отырар» мөлтек ауданында бой көтеріп жатқан баспаналар «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынып отыр. Бес қабатты үйлердің әрқайсысы 60 пәтерлі болады. 4 млрд 102 млн теңгеге салынып жатқан баспаналар бірінші кезекте әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған жетім балаларға, апатты үй тұрғындарына және бюджеттік сала қызметкерлеріне берілмек.
Сондай-ақ жылдар бойы тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар қол жеткізеді. Бұдан бөлек облыс орталығында жеке инвестордың есебінен 360 пәтерлі 6 несиелік тұрғын үй бой көтереді. 9 үйдің құрылысы басталмақ. Қазір үй салынатын орындарға инфрақұрылымдық желілері тартылып жатыр. Жаңа баспаналарға тұрғындар келер жылы кіреді деп күтілуде. Осы жұмыстар толығымен аяқталға 1560 отбасы баспаналы болмақ.