Кездесу аясында ұстаздар қала әкімінің бүгінде жасап жатқан еңбегі, қала дамуы үшін қосып жатқан үлесін атап өтті. Сондай-ақ, әлеуметтік желідегі белсенділігіне, халықтың қамын ойлап, ыңғайлы әрі жайлы орта қалыптастырудағы бастамаларына зор ризашылықтарын білдірді.
«Сіздердің бұл еңбектеріңіздің арқасында ақпараттық кеңістік, қоғамдық пікір қалыптасып, адами құндылықтар бұқараға жетеді. Нәтижесінде, халық қалада, аймақта, мемлекетте және әлемде болып жатқан оқиғалардан, саяси және экономикалық процестерден шынайы ақпарат алады. Қызметте еңбектеріңіз еленіп, абыройларыңыз арта берсін», – деді Рашид Аюпов.
Басқосуда тек білім саласы ғана емес, алда атқарылатын жемісті жұмыстар жайлы кеңінен айтылды.