Түркістанда алғаш рет құрылысшылар форумы өтті

Фото: None
ТҮРКІСТАН. Қазақпарат – Түркістанда алғаш рет құрылысшылар форумы өтті. Басқосуда шаһардағы құрылыс жұмыстарына отандық тауарларды қолдану мен құрылыс материалдарын өндірушілер арасында байланыс орнату мәселесі сөз болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шараға еліміздіңтүкпір-түкпірінен құрылысшылар, сәулет және қала құрылысы мамандары мен сәулетшілер, жобалаушы кәсіпорындар менкәсіпкерлер қатысты. Форумда отандық өнімдердің сапасын көтеріп, оны қолдауқажеттігі айтылды. Алдағы уақытта қарқыналған құрылыс жұмыстарына отандықөнімдерді молынан тарту үшін жергіліктікәсіпкерлермен байланыс орнатылатын болып келісілді. Айта кетейік, Түркістанқаласы облыс орталығы атанғалы қарқындықұрылыс алаңына айналды. Облыста биыл құрылыс көлемі артып, қазірдің өзіндешаһарда көпқабатты тұрғын үйлер мен бірнеше ғимараттардың құрылысы жүріп жатыр.

«Түркістан облысыда жан-жақты құрылыс, сатып алу жүруде. BIGroup компаниясымен бірлесіп жергілікті тауар өндірушілерді қолдау мақсатындаден қойып отырмыз. Кәсіпкерлер отандық тауар өндірушілердің тауарын алу керек.Кей құрылыс заттарын біз шетелден алыпжатамыз. Тура сол жиһаз бізде де бар»,- дейді Түркістан облыстық кәсіпкерлер палатасыдиректорының орынбасары Берік Кенжебаев.