Түркістанда алғашқы бір сағатта 3 мыңнан астам адам таңдау жасады

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан қаласындағы 62 сайлау учаскесінде алғашқы сағатта 3 мыңнан астам адам дауыс берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Фото: Түркістан облысының баспасөз қызметі

Түркістан қаласындағы сайлау учаскелері таңғы 07:00-ден сайлаушыларды қабылдауда. Комиссия мәліметінше, алғашқы сағатта 3 мыңнан астам түркістандық өз таңдауын жасап үлгерген.

«Жалпы Түркістан қаласында дауыс беру құқығына ие 121 405 тұрғын бар.

Алғашқы болып дауыс берген белсенді азаматтарға сайлау учаскелерінде сый-сияпат жасалып, мерекелік құттықтаулар ұйымдастырылды», - делінген Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Айта кетейік, бүгін елімізде Парламент Мәжілісінің және жергілікті мәслихаттар депутаттарын кезектен тыс сайлау өтіп жатыр.