1000 орынға лайықталған заманауи кешеннің жалпы көлемі 2400 шаршы метрге тең. «Рухани-мәдени орталық» аймағындағы 0,56 гектар жерге жүргізіліп жатқан құрылыс алаңында күндіз - 22, түнгі аусымда 10 жұмысшы еңбек етуде.
Құрылысқа жауапты «АА-Стройинжиниринг» ЖШС мердігер компаниясының учаске бастығы Абай Абдурахманов жұмыс өз қарқынымен жүргізіліп жатқанын айтып, алдағы уақытта нысан келісілген мерзімде аяқталатынын жеткізді.
Елбасы - Тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың бастамасымен Түркістан қаласының облыс орталығы атану құрметіне орай республикамыздағы өзге облыс әкімдіктері жаңа облыс орталығына бір-бір ғимараттан салып, сыйға тартатын болған. Соның бірі - амфитеатр Маңғыстау облысы әкімдігінің сыйы.