«Облыста 945 мектепте 509 мың 700 бала оқиды. Биыл облыста 78 мектеп құрылысы жүргізілуде. Nur Otan партиясының бағдарламасына сәйкес, биыл елімізде 200-дей мектеп салынса, біздің облыста соның 47-сі пайдалануға беріледі. Және 2025 жылға қарай 130 жаңа мектеп салу жоспарланған», - деді Ө. Шөкеев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Бағдарлама аясында жыл сайын 108 мектеп жаңғыртудан өтетін болады. Жаңа үлгідегі 4 Binom мектебі Түркістан облысының аудандарында салынады.
«Жақын күндері Түркістан қаласында 720 орындық Назарбаев зияткерлік мектебінің құрылысы аяқталады. 700 оқушыға арналған 500 орындық жатақханасы бар «Дарын» мектеп-интернатының құрылысы жүргізілуде. Оқушылардың қауіпсіздігін сақтау үшін 906 мемлекеттік мектеп толығымен бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етілген. Оның барлығы полицияның жедел басқару орталығына интеграцияланды», - деді Ө. Шөкеев.