Түркістанда бірқатар бағыттағы автобустар жаңа автовокзалдан қатынайды

Фото: None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан қаласында 20 тамыздан бастап бірқатар бағыттағы автобустар жаңадан ашылған Халықаралық автовокзалдан қатынайтын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Түркістан қаласының оңтүстік-шығысбөлігінен (Ынтымақ елді мекенінің маңы) Халықаралық жаңа автовокзал ашылғанболатын. Қала орталығындағы көлік кептелісін азайту, экологиялық жағдайдыжақсарту мақсатында 2019 жылдың 20 тамызынан бастап, бірқатар бағыттар жаңа«Түркістан» автовокзалына ауыстырылды», - деп мәлім етті облыс әкімдігініңбаспасөз қызметінен.

«Түркістан» автовокзалынанқатынайтын бағыттар:

– «Түркістан –Шолаққорған»

– «Түркістан – Сарыағаш –Абай», Арыс арқылы

– «Түркістан – Жетісай»,Арыс, Төрткүл арқылы

– «Түркістан –Т.Рысқұлов»

– «Түркістан – Ақсукент»

– «Түркістан – Шаян»

– «Түркістан – Темірлан»

– «Түркістан – Қарақұр»

– «Түркістан – Мырзакент»

– «Түркістан – Шәуілдір»Қоғам арқылы

– «Түркістан – Шәуілдір»Темір арқылы

– «Шардара – Түркістан»

– «Кентау – Түркістан» (5кесте)

– «Түркістан – Арыс»

– «Түркістан – Шымкент»

– «Түркістан – Шымкент»

– «Түркістан – Жібекжолы»

– «Түркістан – Кентау» (5кесте)

– «Түркістан – Алматы»

– «Түркістан – Ташкент»

– «Түркістан –Самарқанд».


Сонымен қатар, төмендегі бағыттар «Яссы»автовокзалына ауыстырылды:

– «Кентау – Түркістан»(15 кесте)

– «Түркістан – Кентау» (15кесте)

– «Түркістан – Жаңа Иқан(Кентау қ.)»

– «Түркістан – Шаға(Кентау қ.)»

– «Түркістан – Абай(Кентау қ.)»

– «Түркістан – Ынтымақ(Кентау қ.)»

– «Түркістан – Қызылорда»

– «Түркістан – Шиелі».


Бұдан бөлек, жаңа автовокзалды қалаішілік тұрақтыбағыттар желісімен байланыстыру мақсатында, қаладағы 7 тұрақты бағыттың (№1,№4, №5, №5А, №7, №10, №30, №31А) қозғалыс сызбалары осы автовокзалға дейінұзартылды.

Соңғы жаңалықтар