Түркістанда браконьерлерден 160 келі балық тәркіленді

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Тәртіп сақшылары Шардара су қоймасының Аққұм учаскелік аумағында тоқтатылған күмәнді автокөліктен 160 келі заңсыз ауланған балық тәркіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат polisia.kz телеграм каналына сілтеме жасап.

Фото: t.me/POLICE_of_KZ

Тәртіп сақшылары Шардара су қоймасының Аққұм учаскелік аумағында күмәнді Volkswagen Passat автокөлігін тоқтатып, жүргізушінің құжаттарын тексерген. Көліктің жүк салғышынан заңсыз ауланған 3 қап балық табылды. Күдіктіден 1 үрмелі қайық, балық аулауға арналған құралдар мен жалпы салмағы 160 келі түрлі балық тәркіленді.

ҚР ҚК-нің 335-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

Табиғатқа залал келтірген тұрғын полиция бөліміне жеткізілді.