Түркістанда да, Арыста да құрылыс қарқыны бәсеңдемейді

Фото: None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Түркістан облыстық мәслихатының сессиясында өңір басшысы Өмірзақ Шөкеев Түркістанда да, Арыста да құрылыс қарқыны бәсеңдемейтінін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2019 жылдың алғашқы жарты жылдығындағы көрсеткіштержөнінде баяндаған ол ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмалары бойыншанақты жұмыстар қолға алынатынын айтты. Президент бақылауында тұрған Түркістан мен Арыс қаласындағықұрылыс жұмыстарына тоқталды.

Жалпы өңірде құрылыс өте қарқынды. 52,2 млрд теңгеге құрылысжұмыстары жүргізіліп, нақты көлем индексі 116 %-ды құрады. 6 айдыңқорытындысымен 298,2 мың ш.м. тұрғын үй (2537 пәтер) пайдалануға беріліп, өткен жылдың осы мерзіміменсалыстырғанда 47,4%-ға артты.

«Биыләкімшілік-іскерлік орталықтағы 16 нысанның 7-еуі пайдалануға беріледі депжоспарланған. Олар: облыс әкімдігінің ғимараты, медиа орталық, «Нұр-Сұлтан» алаңы,қалалық саябақ, музыка мектебі, халыққа қызмет көрсету орталығы, олимпиадалықрезервтегі спорт мектебі. Рухани-мәдениорталығында 11 нысанның 4-еуі, яғни, амфитеатр, әуенді су бұрқақ, шығыс моншасыжәне неке сарайы жыл соңына дейін тапсырылады деген сенім бар», – деген өңірбасшысы Арысты қалпына келтіру мәселесі да басты назарда екенін айтты.


Бүгінде Арысқаласын қалпына келтіру жұмыстары 17 секторға бөлініп, атқарылып жатыр. Әрбірсекторға республикалық маңызы бар қала мен облыстарды бекітіп, оған қосаоблыстың аудан, қала әкімдеріне жүктелген.


Арыста 7мыңнан астам жеке, 104 көпқабатты тұрғын үйлерді, әлеуметтік және кәсіпкерлікнысандарды жөндеу қажет. Қайта салынатындары да бар.

Бүгінде 5 646 тұрғын үйді қалпына келтіру жұмыстарыбасталып, оның 1100-ден астамы қалпына келтіріліп, 3 тұрғын үйдің құрылысыжаңадан жүргізіліп аяқталды.


Қалпынакелтіру жұмыстарына 200-ге жуық құрылыскомпаниясы мен жұмысшылар тартылған.

Арыстық 4000оқушыны және екі мыңдай ардагерді демалыспен қамту, тұрғындарға 100 мың теңгеөтемақы беруге құжат жинау жұмыстары да жоспарға сай атқарылып жатыр.

Облыстықмәслихаттың кезектен тыс қырық бірінші сессиясының жұмысына ҚР ПрезидентіӘкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімініңмемлекеттік инспекторы Серік Қожаниязов, облыс әкімдігінің мүшелері, басшылар,ардагерлер және зиялы қауым өкілдері, үкіметтік емес және қоғамдық ұйымдардыңбасшылары және БАҚ өкілдері қатысты.


Соңғы жаңалықтар