Түркістанда экспортты дамыту бағытындағы алғашқы фронт-кеңсе ашылды

Фото: None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында инвестиция тарту және экспортты дамыту бағытындағы алғашқы фронт-кеңсе ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстан Үкіметібарлық аймақтарда инвесторларды сүйемелдеу бойынша фронт-кеңселер қызметінжүзеге асыру ережесін бекіткен болатын. Аталмыш тәсілинвестордың құжат жинау және дайындау процесіне қатысуын азайту және олардыңмемлекеттік органдармен тікелей байланысын шектеуді көздейді. Қазіргі уақыттаөңірде бизнесті дамыту, инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасау, экспорттықәлеуетті арттыру және туризмді дамыту бағыттарына баса назар аударылуда», - делінген облыс әкімдігі таратқан хабарламада.

«TURKISTAN INVEST» фронт-кеңсесі инвесторларды тарту жәнесүйемелдеу, сондай ақ экспортты дамыту жұмыстарын атқарады.

«Қазіргі уақыт инвесторлар және экспорттаушыларменжұмыс жүргізудің жаңа тәсілін талап етеді. Инвестиция және экспорт параллельдітүрде дамуы тиіс бағыттар.Себебішетелдік инвесторларды тарта отырып, экспорттаушылар үшін әлемдік нарыққа жаңа жол ашылады. Осылайша, еліміздіңэкспорт географиясын айтарлықтай кеңейту мүмкіндігі пайда болмақ. Осыныңнегізінде өңірде аймақтық экономиканы дамыту саясатын әзірлейтін Инвестицияларжәне экспорт басқармасы құрылды. Сондай-ақ осы екі бағытты «бір терезе» режімінде жұмыс істейтін фронт-офискебіріктіру тиімді», – дейді Түркістан облысы әкімінің орынбасары МейіржанМырзалиев.

Сонымен қатар, инвестицияларды тарту тетіктерініңтиімділігін арттыратын бірыңғай инвесторлар базасы құрылды.

Бүгін Түркістан облысының фронт-офисі өңірдің экономикалық әлеуетінеталдау жасады. Оның негізінде басым инвестициялық бағыттар анықталып, тыңжобалар әзірленді. Нәтижесінде, жалпы сомасы 106,9 млрд теңгеге 11 жоба дайындалды. 86инвестициялық жобадан тұратын тізбе әзірленді. Олардың жалпы құны 338 млрд теңге. Аталған жобалардың ішінде 4 317жаңа жұмыс орнынашуға мүмкіндік беретін сомасы 179 млрд теңгеге43 жоба 2019 жылы жүзеге асырылады. Оның ішінде құны 53,1 млрд теңгені құрайтын 6 жоба шетелдік капиталқатысуымен іске асырылуда. Бұл жобалар жұмыссыз жүрген 443 азаматты жұмыс орнымен қамтамасыз ететін болады.

Шетелдік инвесторлар және экспорттаушылардыңқолайлылығы үшін қажетті ақпаратты қамтитын және фронт-офиспен жұмыс барысынайқын болуына негіз болатын бірыңғай сайт дайындалуда.

Статистика мәліметтеріне сәйкес, Түркістан облысыныңнегізгі капиталына салынған инвестициялар көлемі 2019 жылдың 5 айында 87,3 млрд теңгені құрады. Бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда129,8% жоғары.

Экспортты дамыту бойынша да көптеген жұмыстаратқарылған. Экспорт географиясы бойынша талдау жасалынып, барлық мүмкінтосқауылдар мен шешімдер анықталды.Соныңнегізінде экспорттаушылардың бірыңғай базасы жасалды.

Қазіргі «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасыбойынша бүкіл экономика цифрлық форматқа ауысқандықтан, аймақта ШОБ дамытудыңнегізгі факторы бола алатын «Turkestan Digital Trade» көп функционалды цифрлықсауда алаңы іске қосылды.

Статистикаға сәйкес, Түркістан облысының өңделгенэкспорттық өнімдерінің көлемі 2019 жылдың 6 айында 342,3 млн АҚШ долларынқұрап, 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 132,5% артты.

Айта кету керек, фронт-офис тәулік бойы жұмысістейді. Кеңседе қоңырау шалу орталығы (call-center: 20-14) жұмыс істейді,байланыс қолайлығын арттыру мақсатында мобильдік құрылғы арқылы байланыс орнатылады.

Соңғы жаңалықтар