Спорттық сайыстың мақсаты - жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, нашақорлықтың алдын алу, волейбол спорт түрін дамыту, жастар арасында достық қарым-қатынасты нығайту. Жарысқа ауылдағы мекеме қызметкерлері, оқушылар және ауыл тұрғындарынан құралған 8 команда қатысты. Жарыста I-орынды «Ұлықбек» командасы алса, II-орынды «Достық» командасы еншіледі, ал III-орын «Кахраман» командасына бұйырды. Шара соңында ауыл әкімі С.Садибаев спортшыларды ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойымен құттықтап, сайыстағы үздік ойыншылар мен төрешілерді және де демеушілік жасаған азаматтарды арнайы алғыс хаттармен марапаттады.
Айта кету керек, Түркістан қаласында мұндай спорттық шаралардан бөлек ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай көптеген шаралар ұйымдастырылуда. Дегенмен, айтулы мерейлі мерекеге жастардың жаппай қатысуын қамтамасыз ету басты назарда болады. Өйткені, жастарды ынталандырып, Тәуелсіз елдің ертеңі солар екенін құр сөзбен емес, іспен көрсету жұмыстары тұрақты жүруі тиіс. Спорттық жарыстарды жиі өткізу арқылы олардың оғаш қылықтарға бой алдырмай, сауатты әрі салауатты өмір сүру салтына бағыттауға болады. Аталмыш шара соның жарқын бір айғағы іспеттес.