Түркістанда электрондық қолтаңбаның тиімділігі түсіндірілді

Фото: None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан қаласында электрондық қолтаңбаның тиімділігі түсіндірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Түркістан облысы өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Құқықтық статистика органдары мемлекеттік қызметтің 4 түрін көрсетеді.Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Бас прокуратурасыныңҚұқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Түркістаноблысы бойынша басқармасының қылмыстық саладағы құқықтық ақпараттыққалыптастыру бөлімінің аға прокуроры Мұқаш Ошаев осылай мәлім етті.

Олар соттылығы туралы анықтама, әкімшілік құқықбұзушылық туралы анықтама,мұрағаттық анықтама және прокуратура органдарынан шығатын ресми құжаттарғаапостиль қою. Бұл қызметтердің 3 түрін«электрондық үкімет» egov.kz веб-порталыарқылы алуға болады.

Мұқаш Ошаевтің сөзінше ресми құжаттарға апостиль қоюды қоспағанда, барлыққызметтер тегін, аталған қызметті көрсету үшін 0,5 АЕК мөлшерінде мемлекеттікбаж алынады.

«Соттылықтың болуы немесеболмауы туралы анықтаманы беру» мемлекеттік қызметі толығыменавтоматтандырылған. Сонымен қатар, сотталмағандығы туралы анықтамалар Қылмыстықкодекстің 79-бабы тәртібінде соттылықтың өтелуін ескереотырып беріледі. Яғни, қылмыстық қудалау тоқтатылған немесе соттылығы жойылғаннемесе алынып тасталған азаматтар «соттылығы жоқ» деген жазуы бар тазаанықтамалар алады. Қызмет көрсетудің ең төменгі мерзімі – 10 минут, қосымшатексеру 3 жұмыс күніне созылады», – деді М. Ошаев.

Әкімшілік құқықбұзушылықтартуралы мәліметтерді беру электрондық форматта «электрондық үкімет» веб-порталыарқылы ғана жүзеге асырылады. Қызмет нәтижесін 15 минутқа дейін береді.Мұрағаттық анықтамаларды да беру жеңілдетілді. Мұрағаттық анықтаманы алу үшін«Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясына немесе веб-портал арқылы өтінішберу жеткілікті. Аталған қызметті көрсету мерзімі 30 күнтізбелік күннен 10күнтізбелік күнге дейін қысқартылды.

Ал «Прокуратура органдарынан,тергеу және анықтау органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою»мемлекеттік қызметі автоматтандырылмаған, Мемлекеттік корпорация арқылы қағазнысанда көрсетіледі. Қызмет көрсету мерзімі 5 жұмыс күні.

Соңғы жаңалықтар