Әкімшілік құқық бұзушылық жасаған көліктердің арасында 1,5 млн теңге айыппұлын төлемеген жүргізушіде бар. Мемлекет алдындағы берешегін уақытылы төлемеген «Volkswagen passat» көлігінің иесін полиция қызметкерлері «Шымкент-Самара» тас жолында тоқтатты. Көлікті айыптұраққа қойып, жүргізушісіне берешекті уақтылы төлеу қажеттігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
«Түркістан облысының полицейлері соңғы үш тәулікте «Кибер-шериф» автоматты жүйесінің көмегімен облыс жолдарында 600-ден астам әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Тәртіп сақшылары жүргізушілерді жол ережесін бұзбауға және әкімшілік айыппұлдарды уақытында төлеуге шақырады» - делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.