Түркістанда киелі жерлер бойынша көпкүндік ақпараттық тур басталды

Фото: None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Түркістан облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Тарихы терең Түркістан» атты ақпараттық туры басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыс әкімдігінен мәліметкендей, жобаның мақсаты – өңірдегі киелі орындар тізіміне енген нысандардытаныстыру, насихаттау, танымалдығын арттыру, тарихи сананы жаңғырту және ішкітуризмді дамыту. Алты күндік ақпараттық турды Түркістаноблысының қоғамдық даму басқармасының тапсырысы бойынша «Open Kazakhstan» ЖШСұйымдастырып отыр.

Аталған жобаның 3 күнгесозылатын алғашқы кезеңінің ашылу салтанаты Кентау қаласы аумағындағы Шәмметишан мешіт-медресесінде өтті. Жиында облыстық Қоғамдық дамубасқармасы басшысының орынбасары Дамир Жүнісов «Рухани жаңғыру» бағдарламасыаясында қолға алынған бұл бастама рухани салаға сілкініс беріп, ішкі туризмніңдамуына да оң әсер ететінін атап өтті. Мұндай жобалар алдағы уақытта дажалғасатынын, осы ретте журналистер мен әлеуметтік желі белсенділері деөлкетануды дәріптеуге үлес қосулары керектігін айтты.

«Серпіліс» қоғамдықбірлестігінің төрайымы Бейсенкүл Нарымбетова өңірдің тарихи және киеліорындарын дәріптеу арқылы елдің тарихи санасы қалыптасып, рухы мықты болатынынжеткізді.

Одан кейін ақпараттықтурға қатысушылар 13-інші ғасырдан бері көктеп тұрған тұт ағашына барып,тарихымен танысты.

Алғашқы кезеңде облыстың БАҚөкілдері мен әлеуметтік желі белсенділері 2-4 тамыз аралығында облыстағы 15қасиетті орынға сапарлайтын болады. Шәммет ишан мешіт-медресесі мен мыңжылдықтұт ағашынан бастау алатын баспасөз туры Үкаша ата, Жылаған ата орындары мен Сауранқалашығы, Есім хан кесенесі, Әзірет Сұлтан кешені, Яссы(Күлтөбе, Түркістан), Әлқожа кесенесі, Гауһар ана кесенесі,Арыстан баб кесенесі, Отырар қалашығы, Қажымұқан Мұңайтпасов мазары сындықасиетті орындарды аралаумен жалғасып, Ордабасы ауданындағы «Бірлік – Ордабасы»мемориалды кешенінде түйінделеді. Журналистер мен желі белсенділері ашық аспанастында арнайы палаткаларда түнейді.

Ал жалпы осы баспасөзтуры аясында қатысушылар өңірдегі 40 киелі орынға саяхат жасап, жұртшылыққанасихаттайды.

Түркістан облысынан 20-дан астам нысанреспубликалық маңызы бар қасиетті, киелі жерлер тізіміне енгізілсе, 60-танастам тарихи-мәдени ескерткіш облыстық маңызы бар киелі орындар тізіміне кіргенболатын. Осы нысандарға келушілер үшін қолайлы жағдайлар жасалып, Қожа АхметЯсауи кесенесі аумағын және Күлтөбе қалашығын қалпына келтіру жұмыстарыбасталды. Үкаша ата кесенесіне баратын автокөлік жолынсалу, автотұрақ және орындықтармен қамту, Аппақ Ишан мешітінің шатырын реткекелтіру жұмыстары да қолға алынған.

Соңғы жаңалықтар