26 мамырда Түркістан қалалық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына облыс орталығында концерттік шара ұйымдастырылғаны туралы ақпарат түскен.
«Басқарма тарапынан шұғыл түрде Түркістан қалалық Полиция департаментінің басшысына шараны ұйымдастырушыларды анықтау туралы қызметтік хат жолданды.
Тәртіп сақшылары ұйымдастырушыларды бірнеше күннен кейін анықтады», - деді комитеттен.
Анықталғандай, 24 мамыр күні сағат 19:00 шамасында Түркістан қаласында жаңа кинотеатрдың ашылу салтанатына орай концерт өткен. Оған 400-450-ге жуық адам жиналған.
«Карантин режимін бұзған азамат ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Айта кетейік, 2021 жылдың 18 мамырында Түркістан облысы бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің бұқаралық шаралардың өткізілуіне тыйым салатын қаулысы шыққан болатын», - деді ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінен.