ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістанда қоймашы қызмет орнындағы техникалар мен тауарларды сатып жіберіп, зауытқа 4 млн теңгеге жуық шығын келтірген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Күдікті ер азамат өзінің қызметін асыра пайдалана отырған. Ал, ақшаны бас пайдасының қажеттілігіне жұмсапты. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
«Күдікті тұрғылықты мекенжайынан ұсталды. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 189-бабы, яғни «Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу» қылмыстық құқық бұзушылығы бойынша тіркелді», - дейді, Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз хатшысы Гүлнар Әбдіжаппарова.
Қайрат Зайнишев
Шымкенттегі М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ түлегі. Еңбек жолын «Ақиқат-Истина» газетінде тілші болып бастады. Кейіннен «Шымкент келбеті», «Оңтүстік Қазақстан» газеті мен «Ernur.kz» сайтында тілші, «Кентау шұғыласы» газетінің бас редакторы қызметтерін атқарды. Республикалық «Экспресс К» сайтының Түркістан облысындағы тілшісі болды. 2021 жылдан бастап «Kazinform» агенттігінің Түркістан облысындағы тілшісі қызметін атқаруда.