Топ құрамында «Түркістан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» және Түркістан ҚПБ ЖПҚ табиғат қорғау қызметкерлері бар.
Іс-шара барысында тексеруге шыққан полицейлер Түркістан қаласы аумағында
орналасқан базарларда және сауда орындарында сексеуіл отындық ағашының және
қылқан жапырақты ағаш түрлерін заңсыз сатылуын анықтауға бағытталған рейд
жүргізді. «Қуаныш» орталық базары, «Жауғашты» базарларының ішкі және сыртқы
аумақтарында бақылау-қадағалау жұмыстары атқарылды. Тексеру барысында сатушыларға және тұрғындарға сексеуіл ағашы мен қылқан жапырақты ағаш түрлерін сату заңсыз екені түсіндіріліп, үгіт-насихат жүргізіліп, жаднамалар
таратылды.
Жоғарыда атап көрсетілген іс-шара өз жалғасын таба бермек.