Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған мейрамханаға учаскелік полицейлер барған. Тойды тоқтатып, қонақтарға түсіндіру жұмыстарын жүргізген.Жиналғандарды тарқатып, мейрамхана иесі мен құдалық тойын ұйымдастырушысына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабымен хаттама толтырған. Іс-құжаттарды жинақтап, заңды шешім қабылдау үшін Түркістан қалалық СЭББ-ға жолдаған. Сонымен қатар карантин талаптарын қадағалау мақсатында жүргізілген рейд барысында, Түркістан қаласында орналасқан азық-түлік дүкендерінде де бірқатар кемшіліктерге жол беру деректері анықталған.
12:35, 28 Ақпан 2021
Түркістанда қыз ұзату жасаған тұрғын жазаға тартылды
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан қаласында жергілікті тұрғын мейрамханалардың бірінде қыз ұзату тойын жасаған. 60 адам жинап, құдалық тойын өткізген азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.