Облыстық ПД баспасөз мәслихатының мәліметінше, күндізгі және түнгі рейдтік іс-шаралар кезінде жол қозғалысы ережелерін бұзуға қатысты 1614 және қоғамдық тәртіпті бұзу бойынша 269 жәйт тіркелген. Айыппұл тұрағына 186 тәртіп бұзушының автокөлігі қойылған.
Бір құқықбұзушы жолдың қарсы бетіне шыққаны үшін және тағы бір жүргізуші жалған мемлекеттік нөмірлік белгілері бар көлік құралын жүргізгені үшін жауапкершілікке тартылды.
Сондай-ақ, рейдтік іс-шаралар барысында ювеналды полиция қызметкерлері түнгі уақытта үйден тыс жерде жүрген 39 жасөспірімді анықтап, ұсақ бұзақылық жасаған 55 адамға шара қолданды.