«Қазіргі таңда Түркістан облысы бойынша көрсетілген қызметтердің электронды түрдегі үлесі 85 пайызды құрады. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 31 пайызға артып, қызмет алушы мен қызмет берушілер арасындағы тікелей байланыс 2 есеге төмендеді», - деді департамент басшысы.
Ғалым Тұрсынбаев сондай-ақ, аталған нәтижеге қол жеткізу мақсатында өңірдегі мемлекеттік және бюджеттік мекемелерде 1290 «өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» ашылып, 5 053 информатика пәні мұғалімі оқытылғанын жеткізді. Сонымен бірге, 280 мыңнан астам халық үшін 975 оқыту жұмыстары ұйымдастырылып, жәрмеңкелер өткізілген. Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау бағыты бойынша Әдеп жөніндегі кеңестің 9 отырысы өткізіліп, онда 114 мәселе қаралған. Оның тең жартысы профилактикалық мәселелер болса, қалғаны тәртіптік іске жатады.
«2018 жылы 67 тексеру жүргізіліп, 2400 бұзушылық анықталған. Сыбайлас жемқорлық профилактикасы бағыты бойынша 917 517 адамды қамтыған 4 204 іс-шара ұйымдастырылыпты. Қоғамдық бақылау картасы аясында азаматтардан арыз, шағым, ұсыныстар қабылдау мақсатында Департаменттің 8 775 869 21 21 Whats App желісі ашылып, оған азаматтардан түскен 150-ден аса арыз-шағымға жауаптар берілген. Ал, облыс көлемінде 2018 жылдың қорытындысына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің таза ауысымдылығы - 3,2% құраған немесе 232 қызметші өз еркімен жұмыстан кеткен. Оларды оқыту шеңберінде 1461 мемлекеттік қызметші оқыту курстарынан өтсе, оның 1114-і біліктілігін арттырып, 347-сі қайта даярланыпты. Мемқызметкерлерді мансаптық жоғарылату бойынша ішкі конкурстар нәтижесінде 412 мемлекеттік қызметші төменгі лауазымдардан жоғары лауазымдарға тағайындалып (ЖАО - 275, АО - 137), мансаптық өсу көрсеткіші 74,5 % құраған»,- деді Ғалым Тұрсынбаев.