Байқаудың мақсаты Қазақстан тарихын білуге, жастарды патриоттық сезімге баулу, жасөспірімдердің уақытын тиімді пайдалану, дарынды жастарды қолдау болып табылады.Туған жер, әсем табиғат пен патриоттық тақырыптарда өздерінің ой қиялдарынан керемет туындылар ұсынды.
Байқау қорытындысы бойынша І-орынды Р.Құрманхан иеленсе, ІІ-орынды Д.Қуаныш алды, ал ІІІ-орын алған Б.Төленге ұйымдастырушылар атынан мақтау қағаздары мен бағалы сыйлықтар табыс етті. Сонымен қатар осы күні қалалық Білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің білім беру мекемелерінде «Мейірімді жүрек» қайырымдылық акциясы өтті.
Аталған акцияға халық қалаулылары, мектеп түлектері, ардагер ұстаздар, кәсіпкер азаматтар, ата-аналар мен мектеп ұжымдары қатысты. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға демеушілер тарапынан азық-түлік өнімдері және қаржылай көмектер көрсетілді. Мұндай игі істер алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.