Жарысқа облыстағы 17 колледж ұжымы қатысты. Күнделікті білім процесінен қолы босай бермейтін оқытушылар спорттық сайыстар бойынша бағын сынап, мықтылықтарын танытты. Екі күнге созылған жарыста білім беруші қызметкерлер спорттық ойындардың 6 түрінен сайысты.
Сала мамандарының сөзінше, салауатты өмір салтын студенттерге насихаттау - жай іс емес. Ол ұстаздардан үлкен жауапкершілікті, үлгі боларлық дағдыны талап етеді. Осылай деген оқытушылар бұл жарысты өткізудегі түпкі мақсат - облыстың педагог кадрларының өзара әріптестігі мен бірлігін нығайту деп біледі.
«Спорттық сайыс Елбасы мақаласындағы рухани жаңғыру ниетін орындау мақсатында ұйымдастырылып отыр. Мемлекеттің негізгі капиталы - ұлт және оның саулығы десек, Елбасы мақаласында бұл қағиданың өзіндің мәні бар. Осыны ескере отырып біз келесі кезекте өткізілетін іс-шараларды да рухани жаңғыру міндеттерімен сабақтастыра түспекпіз»,-дейді облыстық білім басқармасының әдістемелік кабинетінің бөлім басшысы Ұласбек Лесбайұлы.