Түркістанда «Отбасыңмен он тал ек!» акциясы басталды

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістандықтар жасыл желектің жайқалуына жанұясымен үлес қосуда. Бүгін қалада 5 мыңнан астам тұрғын сенбілікке шығып, ағаш отырғызды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұрпақтар сабақтастығын нығайту, қоршаған ортаны қорғауда ұжымдық жауапкершілік қалыптастыру, тұрғындарды ағаш егуге жұмылдыру арқылы табиғатты қорғауға ынталандыру, жас ұрпақ арасында салауатты өмір салты мен ерік-жігерді шыңдау мақсатында ұйымдастырылған шараға түркістандық тұрғындар белсенділікпен қатысуда.

Экоакция аясында «Самал», «Отырар», 1,2 мөлтек аудандарында және Түркістан-Қызылорда автожолының бойына, мектеп аулаларына ағаштар көшеттері отырғызылды.