Түркістанда «Пара берме» акциясы басталды
Бүгінде облыс бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтердің электронды түрдегі үлесі 88%-ды құрап отыр. Алайда, өткізіліп жатқан шараларға қарамастан, азаматтар арасында пара ұсыну деректері әлі де кездесуде. Мәселен, 2019 жылдың 9 айында лауазымды тұлғаларға пара беру фактісі бойынша 7 қылмыстық іс тіркеліп, оның 5-і сотқа жолданған. Аталған қылмыстық істер бойынша бүгінгі күні сот үкімімен 3 тұлғаға қатысты айыптау жазалары қолданылды. Бұл туралы баспасөз өкілдеріне берген брифингте ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Ғанижан Асанұлы мәлімдеді.
«Жеке тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы беруі Қылмыстық кодекске сәйкес, 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады. Сондай-ақ, жемқорлық фактілері туралы 1424 колл орталыққа хабарлауға болады. Мемлекеттік мекемеден қызмет алғаны үшін, қызметшіге пара бермеу керектігін әрбір азамат өзі шешу керек. Ал, қызмет беруші қызметі үшін пара талап етсе, ол жағдайда Агенттіктің 1424 колл орталығына хабарлау керек. Халық заңды айналып өтіп, оңай жол іздеп, қызметшіге пара ұсынбау керек», – деді Ғ.