Семинарға қатысқан облыстық жастар ресурстық орталығы басшысының орынбасары Сайра Амантаева бұл басқосудың сала мамандарына тигізер пайдасы мол екенін атап өтті.
«Қазіргі таңда психологиялық сала мықты болуы тиіс. Өйткені, жастар мен жасөспірімдер арасындағы түрлі мәселелер мен құқықбұзушылық және ерте жүктілік көбейюде. Осы тұрғыда аталмыш сала мамандарының рөлі өте маңызды. Олар жастардың дұрыс қалыптасуы мен келешекке қадам басуына сеп болмақ. Ел болашағы саналған жандардың психологиялық жағдайын басты назарда ұстауымыз керек», – деді Сайра Амантаева.
Семинар аясында «Отбасы хрестоматиясы» қоғамдық қорының сарапшысы Сейілбек Мырзабаев «XXI ғасыр білім, тұлға құндылық» тақырыбында лекция оқып, мамандардың біліктілігін арттыру бағытындағы бағдарламаларын жүргізді. Бұдан бөлек осы тақырып төңірегенде педагог - психологтардың ұсынысын тыңдап, мәселелерді шешу жолын талқыға салды. Өзара тәжірибе алмасты.