Айта кетейік, жыл сайын ұйымдастырылатын «Арыс жағасында» ретро-фестивалі биыл алғаш рет Түркістан облысының орталығында өтуі тиіс болатын. Өнер мерекесіне еліміздің әр өңірінен белгілі өнер жұлдыздары мен ұжымдары, түсірілім топтары да келген.
Өз кезегінде облыс әкімдігі Түркістан қаласының тұрғындары мен қонақтардан, өнерпаздардан түсіністік танытуларын сұранады. Ретро-фестивальдің қашан өтетіні алдағы күндері хабарланатын болды.