Салтанатты шара барысында Совет Одағының батыры Абдулла Үсенов пен Екінші дүниежүзілік соғысына қатысқан Сырлыбек Байжановқа арналған ескерткіш тақтасы ресми түрде ашылып, марқұмдарды үнсіздікпен еске алды. Мектеп директоры жиынның маңыздылығына тоқталып, демеушілік танытқан азаматтарға алғысын білдірді.
«2018 жылы сол кездегі шаһар басшысы Әліпбек Өсербаевтың басшылығымен спорт зал құрылысы басталып, биыл мінекей, пайдалануға беріліп отыр. Жаңа ескерткіш тұрғызу барысында мұнда аты жазылған тұлғалардың қатарын толықтырып, тағы бірқатар ардагер атанған мектеп түлектері мен мұғалімдерінің есімдерін енгіздік», – деді мектеп директоры Қайрат Жүсіпалиев.