Жаттығу барысында техникалардың, су сору құрылғылардың (мотопомпа) және жеке құрамның дайындығы, шартты су басу салдарын жою жұмыстары ұйымдастырылып, іс жүзінде көрсетілді.
Оқу-жаттығу кезінде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою үшін қалалық азаматтық қорғау қызметтері мен авариялық-құтқару қызметі қатарынан 12 команда, 154 жеке құрамы және 31 техникасы құрылды.
Арнайы-тактикалық оқу-жаттығулардың мақсаты - Түркістан қаласының жедел ден қою жасақтарының кез келген уақытта дайын болуы, төтенше жағдайлар кезінде адамдарды және материалдық құндылықтарды құтқаруға тәсілдерін дағдылау болып табылады.