Түркістан облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, жергілікті тұрғындар қаладағы тәртіп сақшыларына арызданып келген. Айтуларынша, белгісіз бір әйел оларға «субсидия алып беремін» деп 40 мың теңгеден жинаған. Содан кейін қарасын көрсетпеген. Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде жұртты алдап соққан әйел қолға түсті.
Тергеу барысында оның 30 адамнан мемлекеттік бағдарлама бойынша ақша алуға көмектесемін деген уәдемен 1 миллион теңгеден аса ақша алғаны дәлелденді.
Қазіргі таңда осы оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 190-шы «Алаяқтық» бабымен іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тәртіп сақшылары күдіктінің осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатыстылығын тексеруде.
11:36, 25 Ақпан 2019
Түркістанда субсидия алуға көмектесемін деп 30 тұрғынды алдаған әйел ұсталды
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістанда субсидия алуға көмектесемін деп 30 тұрғынды алдап кеткен әйел ұсталды. Күдіктінің жәбірленушілерге бір миллион теңгеден аса шығын келтіргені анықталып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.