Түркістанда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізіледі

Фото: None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістанда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізіледі. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары Ғанижан Асанұлы қалалық әкімдік қызметкерлерімен кездесуде осылай мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысыбойынша департаментінің бастамасымен Түркістан қалалық әкім аппаратыныңқызметкерлері мен әкімдікке қарасты дербес бөлімдерінің және мемлекеттік мекемебасшыларының қатысуымен кездесу өтті. Кездесуге қатысқан ҚР Сыбайласжемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментбасшысының бірінші орынбасары Ғанижан Асанұлы қоғам арасында адалдық,парасаттылық, әділдік және сенім құндылықтарын басшылыққа алып өмір сүру –сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алудың маңызды құралы екенін атап өтті.

150-ге жуық қызметкерлер қатысқан кездесуде әлеуметтік салаларда, оныңішінде көпбалалы отбасыларға жәрдемақыны белгілеу, жер учаскілерінің нысаналымақсатын өзгерту мен мектептерде заңсыз ақша жинау туралы ақпараттар департаменттіңWhatsApp мессенджеріндегі сенім телефонына көптеп келіп түсіп жатқандығыайтылды.

Кемшіліктердің жүйелілігіне байланысты, департаменттің бастамасымен аталғансалаларда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізілетініжеткізілді.

Сондай-ақ, тексеру жұмыстарын жүргізуге барған қызметкерлерге сыйлық беругежәне қызмет көрсетуге болмайтынын қатаң ескертіп, заңбұзушылыққа жол бергендержауапкершілікке тартылатынын тілге тиек етті.

Жиынды қорытындылаған Ғ.Асанұлы мемлекеттік қызметшілерді сеніп тапсырылғанміндетті жоғары абыроймен атқаруға үндеп, өз іс-әрекеттерімен киелі өңір атынакір келтірмеуге шақырды.

Шара соңында қатысушылардың қоғамдық санасына әсер ету құралы ретіндеоблыста, оның ішінде Түркістан қаласында орын алған сыбайлас жемқорлықфактілері бойынша арнайы әзірленген бейнеролик көрсетілді.

Соңғы жаңалықтар