ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Елімізде бала туу көрсеткіші бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр, -деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
16 желтоқсанда Түркістан облысында 173 сәби дүниеге келді. Соның ішінде 85 ұл бала болса, 88-і — қыз бала. Бүгінде нәрестелер мен аналардың жағдайы жақсы.
Ал, Түркістан қаласындағы №3 облыстық перинаталды орталығында 36 сәби дүниеге келген. Олардың 17-сі ұл, 19-ы қыз.
Жас аналарға Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбековтың атынан арнайы сыйлықтар табыс етілді.
Айта кетейік, мереке күні кезекші ауысымда нәресте мен анаға күтім жасайтын жоғары білікті дәрігерлер, тәжірибелі акушерлер мен медбикелер жұмыстарын жоғары деңгейде атқаруда.
Қайрат Зайнишев
Шымкенттегі М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ түлегі. Еңбек жолын «Ақиқат-Истина» газетінде тілші болып бастады. Кейіннен «Шымкент келбеті», «Оңтүстік Қазақстан» газеті мен «Ernur.kz» сайтында тілші, «Кентау шұғыласы» газетінің бас редакторы қызметтерін атқарды. Республикалық «Экспресс К» сайтының Түркістан облысындағы тілшісі болды. 2021 жылдан бастап «Kazinform» агенттігінің Түркістан облысындағы тілшісі қызметін атқаруда.