Түркістанда «Туған жер» жобасы арқылы спорт нысандары көбейіп келеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Алтын ұям» жобасы бойынша спорт нысандары көбейіп келе жатыр. Бүгінде кәсіпкер әрі демеуші азаматтар туған ауылдарына жаттығу және футбол алаңдарын, спорт кешендерін салуды жақсы үрдіске айналдырды, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

2019 жылдыңсәуірінен бері өңірде 10 спорттық нысан ашылып, біреуі толық жөндеуден өткен.

Мәселен, Сарыағашауданы, Ақжар ауылдық округінде спорт кешені салынса, Таскескен елді мекенінде шағынфутбол алаңы ашылған. Бәйдібек ауданы, Кеңес елді мекенінде футбол, волейбол,баскетбол алаңы және балалар алаңшасы пайдалануға берілген.

Сондай-ақ осыауданда жабық футбол кешені жұмысын бастады. Ордабасы ауданы, Төрткөл елдімекенінде «Түзелбек ата» жабық спорт кешені ашылды. Оған демеушілер 20 млн.теңге көлемінде қаржы жұмсаған. Осы аудандағы Қарақұм және Бөген ауылдарында даспорт кешені мен футбол алаңы бой көтерді. Төлеби, Шардара аудандарында даспорт кешендері ашылды. Түркістан облысыаумағында алдағы уақытта да «Туған жер» жобасы аясында осындай игі істержалғасын табады.