Түркістанда туризмді дамытуға арналған халықаралық конференция өтеді
Түркістан облысы әкімдігінен мәлім еткендей, шетелдік қонақтар орта ғасырлық сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші, мұсылмандардың жаппай зиярат ету орнына айналған Ясауи кесенесіне әлемнің түкпір-түкпірінен туристер мен зиярат етушілердің ағылып жатқанына куә болғандарын жеткізді.
Сонымен қатар, сарапшылар өткен жылы Бакуде өткен ЮНЕСКО комитетінің 43-сессиясының қорытындыларын тағы бір атап өтті. Кездесуде Қазақстан Үкіметі, оның ішінде ЮНЕСКО-мен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға жоғары баға берілді. Кездесу барысында биыл Түркістанда тұрақты туризм мен қасиетті мұраны дамытуға арналған халықаралық конференция өтетіндігі белгілі болды. Қорытындысы бойынша қасиетті мұра нысандарында тұрақты туризмді дамыту арқылы толеранттылықты, өзара түсіністік пен диалогты арттыру рөлі туралы декларация қабылданады деп күтілуде.
«Конференцияның мақсаты - туристік бизнес модельдерінің дамуын ынталандыру және қажылық пен туризмнің қасиетті жерлерге қосқан үлесін ілгерілету, сондай-ақ зиярат етушілердің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін және жергілікті қауымдастықтармен қасиетті жерлерде туристік менеджмент саласындағы ынтымақтастық пен ақпарат пен үздік тәжірибе алмасу желісін құру. Сондай-ақ сарапшылар бүгінгі таңда әлемде әртүрлі мәдениеттер мен дәстүрлерді дәріптейтін қасиетті нысандар бар екенін атап өтті. Олардың көпшілігі жергілікті рухани және мәдени дәстүрлерге терең бойлаған және әлемдік мұралар тізіміне енген қасиетті мекендердің 20 пайызға жуығы Ясауи кесенесімен рухани байланысты», деді облыс әкімдігінен.
Кездесу соңында аймақ басшысы Өмірзақ Шөкеев халықаралық сарапшыларға Дүниежүзілік мұра нысандарын сақтау бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстары үшін алғысын білдірді.