«Халқымыз үшін елеулі оқиға орын алғалы тұр. Елбасының тапсырмасына сәйкес, наурыз айында Түркістан қаласында өтетін Түркітілдес Мемлекеттер басшыларының саммитіне дайындық жұмыстары басталды. Бұл шара – күллі Түркі халқының рухани-мәдени орталығы – Түркістан қаласының туризмін жаңа бағытта дамытуға, туристердің көптеп келуіне ықпал етеді. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Әрбір халық, әрбір тәуелсіз мемлекет өзінің рухани орталығын нақтылап алуы керек. Қазақстанның рухани орталығы – Түркістан. Ол – Қазақ елінің рухани жүрегі. Баршаңызды облысымыз бен Түркістан қаласын қайта түлетіп, дамуы үшін өз үлестеріңізді қосуға шақырамын», - деді Өмірзақ Шөкеев.
15:37, 19 Ақпан 2021
Түркістанда Түркітілдес Мемлекеттер басшыларының саммитіне дайындық басталды
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында Түркітілдес Мемлекеттер басшыларының саммитіне дайындық басталды. Бұл туралы өңір әкімі Өмірзақ Шөкеев халық алдында берген есебінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.