Форум аясында «Үкіметтік емес ұйымның ұйымдық дамуы» және «Жастар ұйымдарының азаматтық қоғамды дамытудағы рөлі, сондай-ақ "Еріктілер қозғалысын дамыту» тақырыптарында пленарлық секциялар өтті. Бұдан өзге дәстүрлі шарада мемлекеттік саясатты жүзеге асырудағы қоғамның Үкіметтік емес секторы мен мемлекеттік органдармен қарым-қатынасын дамыту мәселелері сөз болды. Басқосуда «Қасиет» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Гүлсім Андабаева мен «Жалын» жастар ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Құрмет Керімбеков пленарлық секцияның тізгіншісі ретінде үкіметтік емес ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің мүшелерімен бірге өз ой-пікірлерін, ұсыныстарын ортаға салды. «Осы бағытта қандай жұмыс жасау қажет? Қоғам дамуындағы үкіметтік емес ұйымдардың рөлі?»секілді сауалдарға жауап іздеді.
Пленарлық секция барысында айтылған ұсыныстар хаттамаға жазылып, тиісті орындарға жолданатын болды.