Бүгінгі таңда карантин талаптарын сақтамай, шектеу шараларын елемейтіндер қатары азаяр емес. Жақындары мен туыстарының басын қосып, көпшілікке той беріп, жиын жасап жатқандар әлі де анықталуда.
Мәселен, Мақтаарал АПБ-нің поолицейлері карантин талаптарын өрескел бұзған жергілікті тұрғынды анықтады. Ол өз үйінің ауласында 50-ге жуық туыстарының басын қауіп-қатерге тігіп, «Беташар» тойын өткізген. Тәртіп сақшылары аталған жайт бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабымен «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу» тіркеуге алып, іс-құжаттарды жинақтап, заңды шешім қабылдау үшін тиісті мекемеге жолдады.