Түркістан қалалық №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне 58 жастағы әйелдің кәріз шұңқырына түсіп кеткені және шыға алмай жатқаны туралы ақпарат түседі. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер мен құтқарушылар терең шұңқырға түсіп, құлаған әйелді жоғары алып шықты. Дәрігердің көмегіне жүгінген зейнеткердің өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.
21:20, 24 Мамыр 2017
Түркістанда зейнет жасындағы әйел кәріз шұңқырына құлап кетті
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Түркістанда зейнет жасындағы әйел үйінің ауласындағы кәріз шұңқырына түсіп кетті. Оқиға таңғы сағат тоғыздарда орын алған. Абайсызда аяғы тайып кетіп, шұңқырға құлаған тұрғынды туыстары шығара алмай, құтқарушылардың көмегіне жүгінген , деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.