Бүгінгі күні Түркістан қаласының аумағында 5 ірі сауда үйінде жасақталған әлеуметтік бұрыштар мен 13 әлеуметтік дүкен тұрғындарға қызмет көрсетіп келеді. Баға тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік дүкендер саны тағы да көбейтілмек.
- Біз кәсіпкердің де, тұтынушының да құқығын құрметтеуге тиіспіз. Кәсіпкерлерге әкімдік тарапынан заң аясында барлық қолдауды көрсетуге дайынбыз. Алайда, кәсіпкерлерді тауар бағасын белгілеуде асыра сілтеуге жол бермеуге шақырамын, - дейді қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков.
Ал, Түркістан облыстық бәсекелестікті қорғау департаменті басшысының орынбасары Данабек Махатов әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларын тұрақтандыру бойынша біршама жұмыстар атқарылып жатқанын айтып өтті. Әсіресе, нан бағасын өсірмеу үшін кәсіпкерлерге сұраныс хаттар жолданып, талдау жасалған. Тауар өндірушілерге негізсіз бағаны өсірген жағдайда заң аясында шара көрілетіні ескертілген. Сондай-ақ, базарлардағы делдалдықты, яғни тауар өндіруші мен тұтынушыға дейінгі кедергілерді жою мәселесі де қолға алынған.
Жалпы, жақында жұмысын бастаған эко-базар да баға тұрақтылығына оң әсерін тигізеді деп күтілуде. Жыл басынан бері мұнда 10 рет жәрмеңке өтіп, 30,1 тн. тауар сатылған.
19:42, 03 Наурыз 2022
Түркістанда жаңадан 20 әлеуметтік дүкен ашылады
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат- Түркістан қаласында жаңадан 20 әлеуметтік дүкен ашылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.