Жасөспірімге ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 132-бабының 1-бөлігімен іс қозғалған болатын. Жас құқық бұзушы сот отырысына Ордабасы ауданының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторы мен өзінің смартфонына орнатылған TrueConf қосымшасы арқылы тікелей қосылды.
Сот қызметкерлерінің айтуынша, әкімшілік материал бойынша Сот процестерін «виртуалды» өткізу сот төрелігін жүзеге асырудағы аумақтық кедергілерді жойып, уақыт және материалдық ресурстарды үнемдейді. Сот төрелігіне барынша объективті қарауды қамтамасыз етеді.