Түркістанда жастар арасында республикалық пікірсайыс өтті

Фото: None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістанда «Терең тарихтан - жарқын болашаққа!» aтты облыс  әкімінің жүлдесі үшін республикалық пікірсайыс турнирі  өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен өткен шараға өңір басшысы Жансейіт Түймебаев пен басқарма басшылары, еліміздің түкпір-түкпірінен келген тәжірибелі төрешілер мен жас пікірсайысшылар қатысты. 

Республиканың барлық өңірінен 75 команда қатысқан пікірсайыста Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында көзделген  мәселелер қаралды. Жастардың бойында коммуникативтілікті арттыру, командада жұмыс істей білу сынды  қасиеттерді қалыптастыру көзделді.

Сондай-ақ, аталған шара қатысушылардың сыни ойлау, шешендік қабілетін дамытып, жастарға Түркістан қаласының тарихын тереңінен таныту мақсатында ұйымдастырылды. Жиын барысында облыс әкімі Жансейіт Түймебаев жастардың Түркістанды түлетуге шақырды. Ел  болашағының жарқын болуы үшін білімдерін жетілдіріп, көп еңбектену керектігін атап өтті. Ал, турнирге қатысқан жастар замандастарын болашақтың баяндылығы үшін сауаттылыққа, достыққа шақырып, олардың  қоғамдағы рөлі мен маңыздылығын сезінуге шақырды. 

Пікірсайыс барысында  тақырыпқа сай мемлекеттік маңызы бар мәселелер жастардың көзқарасымен талқыланып, оларды шешу бағытында  тың  идеялар мен механизмдер ұсынылды.  Турнир қортындысы бойынша үздік  фракциялар мен спикерлер анықталып, олар 700 мың теңге жүлде қорымен марапатталды. 

  

Соңғы жаңалықтар