Өңірдегі тұтыну нарығын дамытып, оларға қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылған көрмеде халық тұтынатын тауарлар таныстырылды. 100-ден астам кәсіпорын қатысқан шарада облыс әкімінің орынбасары Ербол Тасжүреков жәрмеңкеге қатысқан ең үздік кәсіпкерлерді облыс әкімінің Алғыс хатымен марапаттап, касіпкерлердің жұмысына табыстар тіледі.
Көрмеге келушілерге азық-түлік, өнеркәсіптік тауарлардың кең ассортименті ұсынылып, өнерпаздар мен аниматорлардың қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.