ІІМ мәліметінше, күдікті әлеуметтік желіге «вахталық жұмысқа тұрғызып беремін» деген жарнама салып, жәбірленушілердің сеніміне кірген. Содан тұрғындардың ақшасын алып, өзінің таныстарының есепшотына аудартып отырған.
«Келтірілген шығын 1,2 млн теңгені құрайды.
Аталған жайт ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 2-бөлігі «Алаяқтық» бойынша тіркелген. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деп жазды ведомстводан.