Түркістандағы 2 ауданда жерасты суы көтеріліп, аулаларды су басты
Екі күн қатарынан жауған жаңбыр салдарынан Атакент кенті, Мақтарал, Ж.Нұрлыбаев, Достық, Жаңажол, Жамбыл ауылдық округтері аумағында жерасты суы көтеріліп, бірнеше үйлердің ауласын су басты. Төтенше жағдай бөлімінің қызметкерлері тарапынан аумақтан су арнасын бұру, сорып шығару жұмыстары жүргізілуде.
«Аудандық өрт сөндіру бөлімі мен бекеттерінің, жергілікті ауыл әкімдіктердің ұйымдастыруымен 60-қа жуық су сорғыштар көшелер мен үйдің аулаларына толған суды шығару жұмыстарымен айналысуда. Сонымен қатар, көшелерді, үйлердің аулаларын су басу фактісіне байланысты аудан әкімдігінің жедел желісі іске қосылып, тұрғындар тарапынан хабарламалар түскен жағдайда шұғыл іс-шаралар атқарылуда»-делінген Мақтарал аудандық әкімдігі таратқан ақпаратта.
Жетісай ауданында да екі-үш күннен бері толассыз жауған жауын салдарынан көптеген көшені су басты.