Соңғы статистикалық мәліметке сәйкес Түркістан қаласында тауық еті, қырыққабат, сәбіз және құмшекер бағасының өсуі байқалған. Ал, қалған 13 тауар (нан, жарма өнімдері, қарақұмық, қартоп, құнбағыс майы, сары май, пияз, күріш, жұмыртқа, айран, сүзбе, сиыр еті, тұз) бойынша жағдай тұрақты.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі өңірге қант толығымен импортталатынын хабарлады. «Айналым схемасы» бойынша кәсіпкерлік субъектілеріне қолдау көрсетілді. Жалпы өңірде 138 тонна қор бар.
Әлеуметтік дүкендер мен сауда орындарындағы әлеуметтік бұрыштарда 1 келі қант 315 теңгеден сатылуда. «Айналым схемасы» бойынша кәсіпкерлік субъектілеріне көрсеетілген қолдау есебінен қырыққабаттың 246 тонна қоры сақтаулы.
Ал сәбіздің т ұрақтандыру қорында 875 тоннасы бар, қазір келісі 100 теңгеден саудаланып жатыр.
Тауық еті де жеткілікті.
Монополияға қарсы реттеу шеңберінде монополияға қарсы комплаенстің 13 сыртқы актісі түзілді. Сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының негізсіз өсуінің алдын алу мақсатында ірі сауда орындары мен дүкендер және әмбебап базарлармен облыс көлемінде 1 098 меморандум жасалған.