ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат- Түркістан қаласындағы әкімшілік-іскерлік орталығында орналасқан бас шыршаның шамы жағылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.18 метрлік шырша 500-дей ойыншық пен жарықшаммен көркемделіп, ұлттық нақыштағы ою-өрнектермен безендірілген.
Балаларға шаттық сыйлаған мерекелік іс-шарада Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев бас шыршаның шамын жағып, бүлдіршіндердің қуанышымен бөлісті.
Ертегі кейіпкерлері мен аяз ата қаршақызбен бірге балақайларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, бірге биледі. Талантты әнші Айзада Әлімбек «Жаңа жыл» әнін шырқап, балалардың ән тобы да өнер көрсетіп, мерекені әсем әнмен өрнектеді. Кеш көпшілікті балалық шаққа жетелеп, әдемі әсер сыйлады. Балақайларға сыйлықтар таратылды.
Шырша демеушілер есебінен орнатылған. Сондай-ақ Түркістандағы мәдени-рухани орталық пен «Жеңіс» саябағында да шырша орнатылып, олар көз тартатын әсем ойыншықтармен безендірілді.
Қайрат Зайнишев
Шымкенттегі М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ түлегі. Еңбек жолын «Ақиқат-Истина» газетінде тілші болып бастады. Кейіннен «Шымкент келбеті», «Оңтүстік Қазақстан» газеті мен «Ernur.kz» сайтында тілші, «Кентау шұғыласы» газетінің бас редакторы қызметтерін атқарды. Республикалық «Экспресс К» сайтының Түркістан облысындағы тілшісі болды. 2021 жылдан бастап «Kazinform» агенттігінің Түркістан облысындағы тілшісі қызметін атқаруда.